Жезқазғанда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған күдіктілер қамауға алынды
23.07.2025 00:21
Фото:
t.me/POLICE_of_KZ
Жезқазғанда бизнесті криминалдық бақылауға алу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында және жастардың қылмыстық ортаға тартылуының алдын алу мақсатында Ұлытау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Жезқазған қаласының екі тұрғынын ұстады. Олар соттың санкциясымен тергеу изоляторына қамалды.
Аталған азаматтар шағын және орта бизнес нысандарын бақылауға алуға тырысып, күш қолданып, 6 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған, - делінген мәліметте.
Тергеу барысында заттай айғақтар тәркіленді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

