Жезқазғанда автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары тыныстырылды
Жезқазған қаласының бірқатар автомобиль жолдарында ағымдағы жөндеу жұмыстарымен таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар барысында өңір басшысы «Алмас Құрылыс Қазақстан» және «Армстрой» ЖШС мердігер ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Өңір басшысы мердігерлерге асфальт төсеу кезінде жолдың тегістігі мен біркелкілігін қамтамасыз етуді, тротуарларды құм мен қалдықтардан толық тазартуды тапсырды. Сонымен қатар, жұмыстардың қарқынын арттыру мақсатында түнгі ауысымдар енгізу, жұмыс күшін көбейту, қиыршық тастар мен асфальт қалдықтарын уақытылы жинау қажеттігін баса айтты.
Жолдың жұмыстарын алдымен халық игілігі үшін, адалынан жасау керек. 28 сәуірге дейін жол жиегіндегі қоқыстар мен артық материалдарды тазартуды тапсырғанмын – бұл әлі толық орындалмаған! Әрбір шұңқырды бітеу кезінде асфальт деңгейі бұрынғысымен бірдей болуы қажет. Жол жүргіншілерінің жайлылығы – мердігерлер мен әкімдіктің ортақ міндеті», – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, жол белгілерін салу кезінде олардың сапасы мен көрнекілігіне баса мән беруді, сондай-ақ қалалық әкімдікке жол жөндеу жұмыстарын қабылдау кезінде қатаң бақылау жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ өңір басшысы тарапынан облыс орталығындағы жолдардың орташа жөндеу жұмыстарын бастауды жеделдету, оны уақытылы жүзеге асыру үшін мердігерлерге заң аясында алғашқы жарна қаражатын бөлуді мейлінше тезірек ұйымдастыру тапсырылды.

