Жезқазған қаласының тұрғынынан 6 келіге жуық марихуана тәркіленді
23.11.2023 07:28
Фото:
© Polisia.kz
"Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жезқазған қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдіктінің үйін тінту кезінде, ол тұратын жерде шамамен 6 кг кептірілген марихуана тәркіленді. Сонымен қатар тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруы, оған бес оқ, кастет тәркіленді.
Күдікті уақытшы ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 287, 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

