Жаңалықтар

Жездесі күдікке ілінді. Шымкентте жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылды

Жездесі күдікке ілінді. Шымкентте жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылды
Фото: © Polisia.kz 08.08.2023 15:32 3217

Шымкентте із-түссіз жоғалған қыз кісі өлтіру оқиғасының құрбаны болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Еске салайық, 5 тамыз күні Әл-Фараби АПБ-ға жас қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен болатын.

Оқи отырыңыз:

Ағасының айтуынша, 2004 жылғы студент 4 тамыз күні үйден белгісіз бағытқа шығып қайта оралмаған. Түркістан облысының тумасы оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған.

Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. БАҚ-та және әлеуметтік желіде 18 жастағы қыздың іс-түссіз жоғалғаны туралы хабарландыру таратылды. Үш күн бойы үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже берген жоқ.

8 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-ға туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлады.

Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтады. Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінді.

ҚР ҚК 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті УҰИ-ға қамалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға