Жаңалықтар

Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Қайрат Шайжанов еңбек жолын 2000 жылы бастаған
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
28.06.2022 17:16 3605

Жезқазған қаласын Қайрат Шайжанов басқаратын болды, – деп хабарлайды El.kz порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Ұлытау облысы әкімінің өкімімен, ҚР Президент әкімшілігінің және Жезқазған қалалық мәслиихатының келісімімен Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Қайрат Абдоллаұлы 44 жаста. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазақ тұтынушылар одағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Әр жылдары бизнес саласында, түрлі мемлекеттік қызметте еңбек еткен.

2009-2013 жылдары Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары, 2015-2018 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі қызметін атқарған.

2019 жылдан бастап осы күнге дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ активтерді басқару департаменті директоры лауазымында еңбек етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға