Жаңалықтар

Жетпіс жастан асқан ұлытаулық ақсақал әлемдік жаяу араламақ

Жетпіс жастан асқан ұлытаулық ақсақал әлемдік жаяу араламақ
Фото: instagram.com/ulytaumen 30.07.2023 11:22 1010

73 жастағы Ұлытау облысының тұрғыны Сәрсенбай Қотырашев әлемді жаяу аралау үшін жолға шықты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылы Қазақстан аумағындағы барлық облысты алты айда аралап шыққан ақсақал енді әлемге саяхатын бастамақ. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, сапарға шыққанын мәлімдеді. 

Мен қайтадан байланыстамын, достар! Сіздерге дүниежүзін аралау саяхатқа шығатын күнім анықталғанын хабарлауға асығудамын. Ештен кеш жақсы демекші, тамыздың 2-сі күні сапарымды Атыраудан бастаймын деп шештім. Соған байланысты, кеше Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қызметкерлерінің бастамасымен, мені жолға шығарып салу шарасы өтті. Әр қатысушыға көңіл, уақыт бөліп, айтылған жылы тілектері үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Қолдауларыңызға көп рақмет, - деп жазды Сәрсенбай Қотырашев. 

Былтырғы саяхатында Қазақстанды жаяу аралаған С.Қотырашев сапар кезінде әр өңірдегі қолөнершілермен олардың мәселені көтеретінін айтқан болатын. Сондай-ақ, ол қымызды да насихаттады. Темір ұстасы болған қария Ұлытау облысының туристік орын ретінде әр өңірде таныстырған еді. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға