Жаңалықтар

Жетісулық өрен үздік ауыл оқушысы атанды

Жетісулық өрен үздік ауыл оқушысы атанды
Фото: Жетісу облысының әкімдігі 14.05.2024 05:31 784

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша республикалық пәндік олимпиада аяқталып, ауыл оқушысы үздік атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оған еліміздің барлық аймақтарынан 939 оқушы қатысқан. Осы байқаудағы «Үздік ауыл оқушысы» номинациясының жүлдегерлерінің бірі Жетісу облысының 11 сынып оқушысы болып отыр.

Владислав Иванов Алакөл ауданы Қабанбай ауылындағы Шү Уәлиханов атындағы мектепте оқиды. Оның айтуынша, ол бала күнінен табиғатты тамашалағанды ұнатады, бұл оның жаратылыстану бағытына бет бұруына әсер еткен. 

Бұрын биологияны тек сабақтың шеңберінде ғана оқитынмын, кейін өз бетіммен ізденіп оқи бастадым. Бұл жақсы нәтижелерге жетуіме зор ықпал етті. Пәнге тек қызығу аздық етеді, үздіксіз ізденіп, күш-жігеріңді жұмсауың керек. Осы ретте биология пәнін оқытқан мұғалімім Татьяне Васильевнаға алғысымды білдіремін, - деді Владислав Иванов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға