Жаңалықтар

Жетісулық ауыл азаматы асылтұқымды ешкі өсіреді

Жетісулық ауыл азаматы асылтұқымды ешкі өсіреді
Фото: Видеодан кадр 06.04.2023 21:13 1334

Қаблиса ауылының тұрғыны асылтұқымды ешкі өсіріп, сүтінен қымыран жасап, сатады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір ауылдың өзінде ешкі сүтіне сұраныс арта бастаған. Литрі 600 теңге. Ал аша тұяқтыны бағып отырған азамат 2016 жылы 1 млн теңге грант ұтып, 10 шақты ешкі сатып алған. Ауласындағы Сексек ата төлінің саны қазір 110 басқа жетті. Ол альпілік және занин тұқымдарын асырайды. Кезінде асқазанында ойық жарасы болған шаруа одан қазір құлан таза айыққан. Өзі жақсылап қараса, әрбір асылтұқымды ешкінің күніне 5-6 литрге дейін сүт беретінін айтады.

Болашақта шаруашылығын кеңейтіп, науқас жандар мен балаларға арналған тағам түрлерін өндіретін шағын цех ашқысы келеді.

Ешкі сүтінің ана сүтімен айырбастауға болатын бір қасиеті бар екен. Бір асыл сиырдың жем-шөбіне 5 ешкіні бағып, өсіруге болады қысы жазы. Ал 5 ешкіден 2-3 сиырдың өнімін алуға болады, ақшасын. Құнды ғой бұл. Сиырдан шығыны аз, бірақ, кірісі мол болады екен, - дейді ауыл тұрғыны Өмірбек Қазбекұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға