Жетісудың полиция органдарына қызметтік 40 автокөлік берілді
Бүгін Жаңа жыл қарсаңында Жетісу облысында өңірдегі полиция органдарына қызметтік 40 автокөлік берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайының маңындағы алаңқайда жаңа автөліктердің кілтін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды.
Салтанатты шарада облыс әкімі тәртіп сақшыларын Жаңа жылмен құттықтап, күрделі де жауапты жұмыстарына сәттілік тіледі:
Өңірдің тұрақты дамуы ең алдымен қоғамдық тәртіптің сақталуына, тұрғындардың қауіпсіздігі мен елдің тыныштығын қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Қазіргі жаңа реформаларға негіз болып отырған заңның үстемдігін орнықтыру, әділдік пен ашықтыққа жол ашу міндеттерін іске асыруда сіздерге артылар жауапкершілік жүгі үлкен. Сондықтан сіздердің уақытпен санаспай, күні-түн демей, күрделі де жауапты жұмысты адал атқарған еңбектеріңізді әрдайым бағалаймыз және алғыс айтамыз. Осы орайда алаңсыз жұмыс істеулеріңізге қолайлы жағдай жасау – мемлекет басшысының алдымызға қойған басты міндеттерінің бірі. Бұл ретте бүгінгі игі шара сіздердің өз міндеттеріңізді лайықты атқаруға, жұмыстарыңыздың сапасы мен тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді деп сенемін, - деді Б.Исабаев.
Атап өтсек, осы күні жалпы саны 40 автокөлік, яғни облыстық полиция депатраментінің әрбір ауддандық, қалалық бөлімшелеріне 4 қызметтік автокөліктен берілді. Атап айтқанда, учаскелік полиция инспекторларына, патрульдік полицияға «Cjhevrolet Cobalt», табиғатты қорғау бөлімшелеріне «Wingle 7», кезекші бөлімдерге «ГАЗ Соболь» маркалы автокөліктері, сол сияқты Панфилов аудандық бөліміне қосымша тағы бір көлік – «JAC Sungar» берілді.