Жаңалықтар

Жетісуда жүйелі проблемалық мәселелердің Картасы әзірленеді

Жетісуда жүйелі проблемалық мәселелердің Картасы әзірленеді
Фото: gov.kz 07.02.2023 16:41 1598

Жетісу облысында жүйелі проблемалық мәселелердің Картасы әзірленеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жетісу облысының әкімі кеше Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінің алқа мәжілісі өтті. Онда өңірдің 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2023 жылдың міндеттері туралы мәселелер қаралды. Жиында Бейбіт Исабаев бір ай ішінде облыстағы жүйелі проблемалық мәселелердің Картасын әзірлеуді тапсырды. Картадағы ақпарат тұрақты өзектендіріліп отыруы тиіс, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында облыс әкімінің орынбасарлары өз салалары бойынша баяндамалар жасады. Мәселен, Жеңіс Тұяқов өз сөзінде өңір экономикасын дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып өнеркәсіпті өркендету, жаңа өндірістер ашуға инвесторлар тарту, тауарлы сүт фермаларын, жылыжайлар ашу, балық шаруашылығын ұйымдастыру, жасыл энергетиканы дамыту жұмыстарын қолға алу керектігіне тоқталды.

Бұл ретте еліміздегі су ресурстары қорының 65% біздің облыста, сол сияқты жел энергиясының әлеуеті әсіресе Жоңғар қақпасында жоғары, өңірдегі күн энергиясының да қуаты елеулі.  Бұл өз кезегінде Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал Көксу, Панфилов аудандары мен Текелі қаласында жаңартылған энергия көздерін дамытуға мүмкіндік береді.

Баяндамашының сөзіне сүйенсек, жалпы 2023 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемін 1% өсіріп, 322,7 млрд. теңгеге жеткізу көзделген. Оған жүйеқұраушы кәсіпорындардың өнім шығару көлемін арттырудың, оларды жаңғыртудың және тоқтап қалған Ақсу қант зауыты мен Текелі тау-кен өңдеу комбинатын қайта іске қосу есебінен қол жеткізілмек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға