Жетісуда заңсыз 100 келі балық аулаған ер адам ұсталды
27.05.2023 21:15
Фото:
© Polisia.kz
Жетісу облысында ауыл тұрғынынан 100 келі заңсыз ауланған балық тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 63 жастағы ер адам Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының маңында «Нерест» ”профилактикалық іс-шарасының барысында ұсталған.
Оның көлігінен балықтың әртүрлі түрлері мен пайдалануға тыйым салынған дараталшық торлары табылған.
Тәркіленген балықтың жалпы салмағы шамамен 100 келі. Балық сату үшін қабылдау пунктіне өткізілді, одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады. Келтірілген шығын 400 мың теңгеге жуық, - деді табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.
ҚР ҚК-нің 335-бабына сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

