Жаңалықтар

Жетісуда пәтер тонаған күдікті қолға түсті

Жетісуда пәтер тонаған күдікті қолға түсті
Фото: Polisia.kz 17.12.2024 13:25 98

Жетісуда танысының сенімін кіріп, пәтер тонаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны Талдықорғандағы танысының үйін тонап, тәртіп сақшыларының қолына түсті. Оқиға жазғы уақытта жәбірленуші Алматыға туыстарына қонаққа кеткен кезде орын алған. Белгілі болғандай, жәбірленушінің күйеу баласы қонаққа келген әйелінің сіңлісі пәтер иесінің сыртқа шыққан сәтін пайдаланып, кілттің көшірмесін жасатқан. Ұрлық жасауға қолайлы уақытты күтіп, күдікті Талдықорғанға арнайы барып, үйдің бос тұрғанына көз жеткізген соң, пәтерге кірген.

Ол үйден «Cartier» маркалы алтын әшекейлер мен құнды күзен қалпағын қолды еткен. Алайда бұл қылмыскердің алғашқы әрекеті ғана болып шықты. Ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, жәбірленушіге 810 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Алайда, материалдық қиындықтарын толық шеше алмаған күдікті тағы да танысының пәтеріне қайтып оралған. Бұл жолы оның қолына алтын сақиналар мен сырғалар түскен. Тергеу барысында полиция қызметкерлері қылмыскердің жеке басын анықтап, оны ұстады.

Күдікті өз әрекетін материалдық қиындықтарға байланысты жасағанын мойындады. Қазіргі таңда ол қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға