Жаңалықтар

Жетісуда аудандық ауруханаларға жаңа жедел жәрдем көліктері берілді

Жетісуда аудандық ауруханаларға жаңа жедел жәрдем көліктері берілді
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 28.07.2024 11:19 336

Жетісу облысында медициналық ұйымдарға 29 жаңа көлік берілді. Тозған санитариялық автокөлікті жаңарту, оның ішінде шалғайдағы ауылдардан шақыртуларға қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, атокөліктер Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан және Қаратал сияқты сегіз аудандық орталық ауруханалардың арасында бөлінген. Сондай-ақ Талдықорған қалалық емханасының, қалалық көпбейінді аурухананың, облыстық көпбейінді клиниканың және фтизиопульмонологиялық орталықтың автопарктері жаңартылды.

Көлік құралдары пациенттерді тасымалдауға арналған құралдарды, оттегі баллондарын, инфузиялық терапия аппараттарын және басқа да қажетті жабдықтарды қоса алғанда, шұғыл медициналық көмекке арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған. Автопаркты осылай жаңарту медициналық көмектің келу уақытын қысқартып қана қоймай, оның сапасын арттырады, бұл әсіресе төтенше жағдайларда маңызды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға