Жаңалықтар

Жетісуда 500 тоннаға жуық астық бастырылды

Жетісуда 500 тоннаға жуық астық бастырылды
Фото: © El.kz 15.11.2023 21:18 854

Жетісу облысында масақты-дәнді дақылдар, яғни арпа, бидай, сұлы толығымен орылып, 483,9 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, орташа өнімділік гектарына 20,6 центнерден келген.

Ал себілген 324,426 мың гектар дәнді дақылдардың 314 мың гектары немесе 96,8% орылып, 786,3 мың тонна астық бастырылды.

Оның орташа өнімділігі гектарына 25 центнерді құрап отыр.

Осы орайда күріш, картоп, бақша дақылдары мен көкөніс толығымен жиналып біткен.

Атап өтсек, 1,07 мың га жерден 3,41 мың тонна күріш жиналып, орташа шығымы әр гектарынан 32,0 центнерді құраған.

Сол сияқты көкөніс пен бақша дақылдары толық жинап алынды. Картопқа тоқталсақ, 11,9 мың гектардан 245,3 мың тонна жиналып, орташа өнімділік гектарына 206,8 центнерге жетті.

Сол сияқты дәндік жүгерінің 56,99 мың гектары немесе 81,7% жиналып, 298,9 мың тонна өнім алынды. Майлы дақылдардың 80,6 мың гектары немесе 90,7 % жиналып, 140,2 мың тонна өнім алынса, қант қызылшасының 7,6 мың гектары немесе 87,3% қазылып, 309,8 мың тонна өнім жиналды, орташа өнімділік гектарына - 405,1 центнер, - деп хабарлады облыстық әкімдіктен.

Ал диқандар биыл егістің бітік шыққанын айтады. Ақсулық Ринат Әдеспаев қарапайым шаруа. 10 жылдан бері дәнді дақыл өсірумен айналысады.

Аграрлық саланы дамыту үшін заманауи қондырғы орнатыпты. Болашақта басқа да техникаларды сатып алуды көздеп отыр.

Биыл 800 гектарға бидай мен соя, 50-не жоңышқа, 25 гектарға қызылша сеуіптік. 2022 жылы су шашырататын қондырғы сатып алдық. Биыл мол өнім алдық,- деді Ринат Әдеспаев.

Ерен еңбегімен көпке үлгі болған Ринат Әдеспаев мол өнім алу жерге де байланысты екенің тілге тиек етті.

Ауа райына байланысты, адамға байланысты жердің құнарлығына байланысты қарауына байланысты. Бәрі жақсы болса жақсы өнім аласың. Уақытында сеуіп, уақытында дұрыс қарау қажет. Дер кезінде дәрісін сеуіп, суғарып отырсаң еңбек еш кетпейді,- дейді ол.

Аудан орталығында ісің дөңгелентіп отырған азамат 10 адамды жұмыспен қамтыған. Болашақта шаруашылыққа жаңа қондырғылар алып, кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі атап өткендей, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға жыл сайын 2023-2025 жылдары 30 млрд теңгеге дейін ұзақ мерзімді бюджеттік несие бөлуді көздеп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға