Жаңалықтар

Жетісу обсындағы екі ауданда әкім сайлауы өтіп жатыр

Жетісу обсындағы екі ауданда әкім сайлауы өтіп жатыр
Фото: Жетісу облысының әкімдігі 05.11.2023 16:49 743

Жетісу облысының Кербұлақ және Сарқан аудандарында әкімдерді пилоттық режимде сайлау науқаны жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, аудан әкімдерінің сайлауында барлығы 94 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Соның ішінде Кербұлақ ауданында 60, Сарқан ауданында 34 орында дауыс беру науқаны өтіп жатыр. Екі  аудандық аумақтық комиссиялардың 21 мүшесі, учаскелік сайлау комиссияларының 538 мүшесі сайлауға жұмылдырылған. 

Аталған екі ауданның сайлаушылар саны 54 634 адамды құрайды. Оның ішінде Кербұлақта 27 787 адам болса, Сарқанда бұл көрсеткіш 26 847 адам шамасында.

Аудан әкімдерін сайлау елімізде алғаш рет өтіп отыр. ОСК мәліметтеріне қарағанда, бүгін сайлау еліміздің 3 қаласы мен 42 ауданында басталған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға