Жаңалықтар

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ол 2022 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болды
Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Фото: inform.kz 22.08.2022 11:23 1786

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Болат Бақбергенұлы Керімбек Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды,– деп хабарлайды El.kz.

Болат Бақбергенұлы Керімбек 1982 жылы туған.

Білімі жоғары. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «тарих, құқық және экономика негіздері», Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «экономика және бизнес бакалавры», М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Отан» партиясының Талдықорған қалалық өкілдігінде есеп және статистика секторының меңгерушісі болып бастады. Әр жылдарда Астана қаласының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы талдау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мемлекет тарихы» институтының аға ғылыми қызметкері, ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сарапшысы, консультанты, инспекторы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға