Жаңалықтар

Жетісу облысындағы жеке үйде газ баллоны жарылды

Бұл туралы Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті
Жетісу облысындағы жеке үйде газ баллоны жарылды
Фото: ТЖМ 20.01.2023 20:58 1095

Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы жеке тұрғын үйде көлемі 5 литр болатын газ баллоны жарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

"Оқиға салдарынан төрт адам, оның ішінде бір бала медициналық мекемеге жатқызылды. 1956 және 1980 жылы туған екі әйел денесінің 40-50% күйіктерімен жансақтау бөлімінде жатыр. 1961 жылы туған ер адамның қолын орташа ауырлықта күйік шалған, 2019 жылы туған бала қол мен аяқтың жеңіл күйіктерін алған", - делінген хабарламада. 

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері 2 бірлік техника күшімен өртті сағат 14.15-те сөндірді.

Өрт қатты отынмен жылытылатын пештің жанындағы 5 литрлік газ баллонының жарылуынан болған. ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және газ баллондарды жылыту пештерінің жанында және басқа да жылдам қыздыру тәсілдері арқылы жылытпауға кеңес берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға