Жаңалықтар

Жетісу облысындағы «Достық» шекаралық станциясы жөнделіп жатыр

Жетісу облысындағы «Достық» шекаралық станциясы жөнделіп жатыр
Фото: gov.kz 10.09.2023 16:15 1070

Көлік министрі Жетісу облысына сапары барысында «Достық» шекаралық станциясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ ведомство басшысы Алакөл ауданындағы Көктұма темір жол станциясына соғып, шойын жолдың құрылыс жұмыстарын қадағалады. 

«Достық»  республиканың маңызды көлік инфрақұрылымдық нысаны – мемлекеттік шекара арқылы өтетін поездарды қабылдау және жөнелтіп, вагондарды 1520 мм жолдан 1435 мм жолға ауыстырады. 

Бұдан бөлек ҚХР елінен Қазақстанға келген вагондардан жүктер мен контейнерлерді тиейді. 

Поездарды қабылдау және жөнелту, сондай-ақ ҚХР мемлекетіне жүктерді жіберу үшін кедендік ресімдеу операциялардың толық кешенін орындайды. Шекаралық стансаның қуаттылығы 18 жұп пойызды өткізе алады. 

Айта кетерлігі, шекара өткелі арқылы жүк тасымалы жылдан жылға артып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға