Жаңалықтар

Жетісу облысындағы бірнеше ауылында электр жарығы сөніп қалды

Жетісу облысындағы бірнеше ауылында электр жарығы сөніп қалды
Фото: gov.kz 12.08.2023 19:01 1028

Бүгін су тасқыны болған Қаратал және Ескелді аудандарының тұрғындары жарықсыз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі .

12 тамыз күні сағат 12:32-де (Қаратал ауданында) және сағат 15:15-те (Ескелді ауданында) ауа райының құбылуына байланысты электр желілерінде ақау пайда болып, нәтижесінде ПС -152, ПС-48 апатты жағдайда өшті. Қазіргі уақытта мамандар желілерді қайта іске қосу жұмыстарын жүргізуде,- делінген хабарламада. 

Еске салайық, Жетісу облысында толассыз жауған жаңбырдан Үштөбеге баратын жолды су басып, Ешкіөлмес ауылында су тасқыны болды, Талдықорғанның орталық көшелерін де су басып қалды. Оқиға орнында облыс басшылығы бастаған штаб жұмыс істеп жатыр.

Жетісу облысы ТЖД дағдарыс орталығында психологиялық көмек көрсету үшін жедел штаб пен жедел желі телефоны ашылды (8 (7282)-22-02-13 және 22-02-18).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға