Жетісу облысында жолдағы көліктің адам қағып өлтірген сәті бейнежазбаға жазылып қалды
14.10.2023 13:24
Фото:
ІІМ-нің баспасөз қызметі
Жетісу облысында жолдағы көліктің адамды қағып өлтірген кезі бейнетіркегішке жазылғаны мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 14 қазанға қараған түні Алакөл ауданында болған. Алматы - Өскемен тас жолының 524-шақырымында Mercedes Benz 519 CDI көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жолда отырған 51 жастағы ер адамды қағып кетті. Полицейлер марқұмның түнгі уақытта жол бойында не үшін болғанын анықтап жатыр. Аталған дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы ретте полицейлер азаматтарды жолда қырағы болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

