Жаңалықтар

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Фото: видеодан алынған кадр 07.10.2024 10:40 146

Жетісу облысында Toyota Camry маркалы жеңіл автокөлігі жүк көлігімен соқтығысып, үш адам ажал құшты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Toyota Camry маркалы жеңіл автокөлігі Алматы – Өскемен автожолының 239-шақырымында келе жатқан «Камаз» жүк көлігінің артқы тіркемесімен соқтығысқан.

Апат салдарынан жеңіл автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Тағы бір жолаушы медициналық жәрдем көрсету үшін аудандық ауруханаға жеткізілді. Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген Жетісу облысы полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Өңір полициясы барлық жүргізушілерді жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға