Жетісу облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
24.09.2022 16:01
Фото:
inbusiness.kz
Жол-көлік оқиғасы 24-қыркүйек күні Сарқан ауданындағы Алмалы ауылының маңында болған, деп хабарлайды El.kz.
"Тойота Хайлюкс көлігін 38 жастағы тұрғын тізгіндеген. Ол Алматы-Өскемен тасжолының 427-ші шақырымында рөлге ие бола алмай, аударылған. Оқиға орнында үш адам мерт болды", делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, көлік жүргізушісі мен 48 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345 бабының 4-ші тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

