Жетісу облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты
16.06.2023 15:38
Фото:
t.me/POLICE_of_KZ
Жетісу облысында көлік апатынан екі адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Панфилов ауданында болған. Сарыөзек – Көктал автожолының 99 шақырымында Subaru Forester автокөлігі SHACMAN жүк көлігімен соқтығысқан. Жапондық көліктің 50 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның 45 жастағы жолаушысы да қаза тапты.
Зардап шеккен 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

