Жаңалықтар

Жетісу облысында жоғалып кеткен кәмелетке толмаған балалар табылды

Жетісу облысында жоғалып кеткен кәмелетке толмаған балалар табылды
Фото: El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ 13.08.2024 14:32 373

Жетісу облысында жоғалып кеткен кәмелетке толмаған балалар табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті тұрғын полицейлерге кәмелетке толмаған екі баланы тез арада тауып бергендері үшін шын жүректен алғысын білдірді. Ата-аналарының айтуынша, олардың 8 және 10 жастағы балалары күтпеген жерден жоғалып кетіп, олар бірден полицияға жүгінген.

Іздестіру иттерін іздеуге тартқан кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері көмекке бірден келген. Кинологтар мен олардың төрт аяқты көмекшілерінің кәсіби дайындықтарының нәтижесінде балалар қауіпсіз жерден тез табылып, үйлеріне оралды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға