Жетісу облысында жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
27.02.2023 20:34
994
26 ақпан полицияға Теректі ауылының жергілікті тұрғындарынан топтық төбелес туралы қоңырау түсті. Дәмханалардың бірінде жастардан құралған екі топ бір-бірімен ерегесіп, аяғында төбелес жұдырықпен аяқталғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Төбелеске қатысқан жеті адамның барлығы да анықталды, олар Балпық би ауданы орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы ұсталып, міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді.
ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астана әкімі үлескерлерге үндеу жасады
Келесі жаңалық
Щучинскте жеке үй ауласындағы моншада өрт шықты