Жаңалықтар

Жетісу облысында зейнеткер ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Жетісу облысында зейнеткер ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Фото: Polisia.kz 29.09.2023 18:17 1944

Бұл факт Кербұлақ ауданында тіркелді, 28 қыркүйекте алыстағы шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады.

«Ұсталған азамат жәбірленушінің туған әкесі болып келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан үстінде алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған», - деп хабарлады Кербұлақ аудандық полициясы.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға