Жаңалықтар

Жетісу облысында үш күдікті 72,5 млн теңгенің газ құбырларын ұрлап кеткен

Жетісу облысында үш күдікті 72,5 млн теңгенің газ құбырларын ұрлап кеткен
Фото: Видеодан кадр 02.12.2024 20:05 410

Жетісу облысының Ақсу ауданында 72,5 миллионнан астам теңге тұратын газ құбырлары ұрланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға «Транс Азия Констракшн» ЖШС директоры арызбен жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз адамдар Алматы-Өскемен тас жолының Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасындағы учаскесінде орнатылып жатқан 27 газ құбырын ұрлап кеткен.

Магистральдық газ құбырының құрылысы «Талдықорған-Үшарал» тас жолында жүргізілуде, оның құны 131,7 млрд теңгеге бағаланады. Жоба 302 км газ құбырын салуды, алты автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатуды және жалпы халқы 124 мыңға жуық 66 елдімекенді газбен қамтамасыз етуге бағытталған.

Полицейлердің жедел іс-қимылдарының арқасында үшл күдікті құрықталды. Олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жетісу Облысының Полиция Департаменті (@zhetysu.police)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға