Жаңалықтар

Жетісу облысында түтін басқан үйден қарт әже құтқарылды

Жетісу облысында түтін басқан үйден қарт әже құтқарылды
Фото: gov.kz 19.11.2023 10:42 647

2023 жылғы 17 қараша күні сағат 15:56-да Талдықорған қаласының Өтенай ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу оқиға орнына шықты. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін жұмыс уақытынан тыс кезінде, көрші үйде қонақта болған әскери полиция қызметкері кіші сержант Қанашев Ерлік Ерікұлы үйдің терезесінен қалың түтінді байқап, бірден сол жаққа бет алған.  Жағдайды қысқа бағалағаннан кейін Е. Қанашев түтінге оранған үйге кіріп, 84 жастағы әйелді құтқарды. Әйелді құтқарғаннан кейін Е. Қанашев үйдің ішінен газ баллонын шығару үшін қайта оралып, осылайша жарылыстың алдын алды.

Сағат 16: 11-де ТЖД қызметкерлері жалпы ауданы 5 шаршы метр болған өртті толығымен сөндірді. Өрттің алдын ала себебі пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болды.

Осы өртте Е. Қанашев өз өміріне төнген қауіп-қатерге қарамастан, азаматтық сана мен батырлық көрсетіп, үй иесін құтқарды.

Жетісу облыстық ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға