Жаңалықтар

Жетісу облысында тойға барған 20 адам астан уланды

Жетісу облысында тойға барған 20 адам астан уланды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 31.08.2023 17:18 1213

Жетісу облысы Қабанбай ауылында тойға барған 20 адам астан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 28 тамыз күні Алакөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына аудандық ауруханадан хабар түскен.

Онда «инфекциялық шығу тегі өзге және анықталмаған гастроэнтерит және колит» алдын ала диагнозы қойылған 20 адам ауруханаға түскені айтылған.

Алакөл орталық аудандық ауруханасында зардап шеккен бар адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оның11-і жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, қалған 9-ы ауруханаға жатудан бас тартты. Науқастардың жағдайы бірқалыпты,- деп хабарлады департаментен.

Кәсіпкерлік кодекске сәйкес эпидемиологиялық тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға