Жаңалықтар

Жетісу облысында тас жолда белгі қойып жатқан қызметкер қаза тапты

Жетісу облысында тас жолда белгі қойып жатқан қызметкер қаза тапты
Фото: instagram.com/zhetysu.police 08.09.2023 11:24 1071

Жетісу облысындағы "Алматы-Өскемен" тас жолында жол ұйымы қызметкері қаза тапты. Қызметкерді жол белгілерін салып жатқан кезде көлік қағып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық ПД мәліметінше, "Алматы-Өскемен" тас жолының 410 шақырымында "Toyota Camry" көлігінің 22 жастағы жүргізушісі 34 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол ұйымының қызметкері жол-көлік оқиғасы кезінде жол белгілерін салып жатқан. Соққыдан ер адам оқиға орнында көз жұмды, - делінген Жетісу облыстық ПД хабарламасында.

Полиция көлік апаты бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді. Автокөлік арнайы тұраққа орналастырылған.

Көлік жүргізу кезінде өте сақ және мұқият болуларыңызды сұраймыз. Облыс полицейлері баршаңызды жол ережесін сақтауға және жылдамдық режимін шектен тыс асырмауға шақырады, - деп ескертті облыстық ПД өкілдері. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға