ТЖМ баспасөз қызметі

Жетісу облысында суға батқан балықшының мәйіті табылды

Жетісу облысының құтқарушылары су қоймасында қаза тапқан балықшының денесін алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кеше Алакөл көліндегі Жайпақ ауылынан 5 шақырым жерде желдің 12 м/с дейін күшеюіне байланысты балықшы болған мұздың опырылып сынып кетті. ТЖД құтқарушылары дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Бүгін сағат 14:54-те құтқарушылар күшімен қайтыс болған балықшының денесі су қоймасынан шығарылды, - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта. 

Осы орайда ТЖМ қазір мұздың сыну мүмкіндігі өте жоғары екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертеді.