Жаңалықтар

Жетісу облысында қылмыстық топ кәсіпкерлерден ақша алып келген

Жетісу облысында қылмыстық топ кәсіпкерлерден ақша алып келген
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 24.02.2024 18:32 837

Жетісу облысында прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары кәсіпкерлерді қорқытып ақша алып келген топтың жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу  облысының прокуратурасы таратқан мәлімет бойынша, алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткен екі қылмыскер мүлікті өртеп жібереміз деп қорқытып, жәбірленушінің жарты миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Алакөл аудандық соты прокуратураның дәлелдерін қолдап, жасалған қылмыстың ауырлығы мен сипатын ескере отырып, кінәлілерді ҚР ҚК-нің 189 бабының 2 бөлігіне сәйкес 4 жылға бас бостандығынан айырды, - делінген мәліметте.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жетісу облысының прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді қорқытып алушылық фактілері орын алған жағдайда құқықтарын қорғау үшін дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға