Жетісу облысында қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды
14.01.2024 15:54
Фото:
Ашық дереккөзден
Алакөл ауданы аумағында ақтүтек боран соғып, көлік жолдарына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Үшарал - Достық бағытындағы республикалық автожолы кешеден бері көліктің барлық түрі үшін жабық тұр. Соған қарамастан алыс жолдан келе жатқан немесе ескертуді елемей жолға шыққан көліктер жолда қалып, құтқарушылардың көмегіне жүгініп жатыр.
Қазірге дейін Алакөл ауданы аумағында жолда қалған 49 автокөлікке көмек көрсетілді.
- Қар құрсауында қалған 39 адам құтқарылды. Оның ішінде Достық стансасына баратын автобусқа мінген Беларус республикасының 15 азаматы бар. Адамдар аман, медициналық көмекке жүгінбеді, - деп хабарлады Жетісу облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

