Жетісу облысында оқушылардың табиғи және техногендік сипаттағы қауіпсіздік білімін арттыру қолға алынды
05.10.2023 23:18
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Жетісу облысы ТЖД білім беру мекемелерінде оқушылардың табиғи және техногендік сипаттағы қауіпсіздік білімін арттыру мақсатында “Балалар айдары” акциясы жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акция оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, танымдық қызметін ынталандыруға, балалардың жан-жақты шығармашылығы мен әлеуметтік бастамаларын дамытуға ықпал етеді.
Балаларға табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезіндегі іс-қимылдар туралы айтылып, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібі туралы түсіндірілді.

