Жаңалықтар

Жетісу облысында мектеп директоры қызметкерлерінің құқығын аяқасты еткен

Жетісу облысында мектеп директоры қызметкерлерінің құқығын аяқасты еткен
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 31.12.2024 15:02 394

Жетісу облысында қызметкерлерін еңбек демалысына жібермей, құқықтарын бұзған мектеп директоры жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Облыстық прокуратура мәлімдеп отыр.

Өңірде білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін 2 мыңнан астам мұғалім мен қызметкердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. Тексеру барысында Ақсу ауданындағы 35 орта мектепте Еңбек кодексі талаптарының сақталмағаны анықталды. Еңбек кодексінің 97-бабының 3-бөлігіне сәйкес жұмыс беруші қызметкердің өтінішінен кейін бес күнтізбелік күн ішінде ақысыз демалыс беруі тиіс деп көрсетілген. Алайда осы талаптарға қарамастан мектеп директорлары қызметкерлерге мұндай демалысты беруден бас тартқан. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мұғалімдер мен білім беру мекемелерінің басқа да қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді, – делінген Прокуратура хабарламасында.

Осы іске қатысты барлық кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға