Жетісу облысында медициналық қалдықтарды заңсыз жою фактілері анықталды
05.06.2024 19:42
Фото:
Жетісу облыстық прокуратурасы
Талдықорған қаласындағы емдеу мекемелерінің бірінің «Г» санатындағы (токсикологиялық, оның ішінде құрамында сынап бар қалдықтар) қауіпті қалдықтарын осы қызметке заңды негізі жоқ «M» мердігер ұйым кәдеге жаратқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Прокурорлар жеке кәсіпкердің қалдықтардың осы түрін кәдеге жарату құқығын беретін жалған мемлекеттік лицензияны пайдаланғанын анықтады.
Прокурорлар қозғаған қылмыстық іс бойынша кінәлі адам жалған құжат жасағаны және көрінеу жалған құжат пайдаланғаны үшін сот үкімімен сотталды (ҚР Қылмыстық кодекстің 385-бабының 1-бөлігі және 3-бөлігі).
Үкім заңды күшіне енді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

