Жетісу облысында кәсіпкерді бопсалап, пәтерін алмақ болған адам сотталды
03.02.2025 14:13
Фото:
©El.kz/Бауыржан Жуасбаев
Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен бұрынғы ЖШС қызметкерін бопсалау фактісі бойынша кінәлі деп таныды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратура мәліметінше, ол кәсіпкердің коммерциялық қызметінде анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпаратты жария етпеу үшін 16 млн теңге тұратын пәтерді талап еткен.
Полиция қызметкерлері күдіктіні пәтер құжаттарын алу кезінде қылмыстық әрекеттің жолын кескен. Сот сотталушыны ҚК-нің 194-бабы (бопсалау) бойынша кінәлі деп танып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - делінген мәліметте.
Үкім заңды күшіне енді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

