Жетісу облысында екі қару сатушы ұсталды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
19.01.2023 17:43
Фото:
Жетісу облысы ПД
Арнайы операцияны Талдықорған маңындағы ҰҚҚКБ жедел уәкілдері мен Ұлттық ұлан арнайы күштерінің қызметкерлері жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Көксу ауданының 35 және 40 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардан Калашников автоматы (АК-74), карабин және 5,45 мм калибрлі 30 патрон тәркіленді. Арнайы база бойынша тексеру кезінде қарудың қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғаны анықталды», деді Жетісу облысы ПД-ның ресми өкілі Меруерт Морякова.
Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша жүргізіледі.
Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

