Жаңалықтар

Жетісу облысында депутатты пышақтап кетті

Жетісу облысында депутатты пышақтап кетті
Фото: gov.kz 15.01.2024 21:03 1642

Қайғылы оқиға Жетісу облысының Үшарал қаласындағы құрылыс жүріп жатқан жерде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысының Алакөл ауданының мәслихат депутаты Дәурен Слямовті пышақтап кетті.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 15 қаңтар күні сағат 15:25-те Алакөл аудандық полициясына Үшарал қаласында салынып жатқан объектіледің бірінде мас ер адам жұмысшыларға тиісіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция келгеннен кейін жұмысшыларды жақтаған 34 жастағы ер адамға бір пышақ жарақатын салған күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын екендігін анықтады, ол оқиға орнынан қашып кеткен. Күдіктіні оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін бес минут ішінде ұстады. Сонымен қатар, жәбірленуші алған жарақаттан жедел жәрдем каретасында қайтыс болды, - делінген мәліметте.

Ал қайтыс болған адам Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямов болып шықты.

Ұсталған ер адам Алакөл АПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға