Жетісу облысында дала бүркіттері табиғатқа жіберілді
28.05.2025 06:28
Фото:
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі
Жетісу өңіріндегі «Сұңқар» жыртқыш құс бағында өсірілген төрт бүркіт табиғи тіршілік ету ортасына жіберілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл жағдай сирек кездесетін түрлерді сақтап және табиғи тепе-теңдікті ұстап тұрудағы маңызды қадам болып отыр. Бүркіттің табиғи ортасына оралуы табиғат пен ұлттық құндылықтарға деген құрмет нышаны.
Аталмыш шара биологиялық әртүрлілікті сақтау және жабайы табиғаттағы жыртқыш құстардың санын қалпына келтіру жұмыстары аясында жүргізілді. Құстарды тәлімбақ мамандары табиғи жағдайда өмір сүруге бейімдеген болатын, енді олар аймақтың экожүйесінде өз орнын алмақ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

