Жаңалықтар

Жетісу облысында бұқаралық спорт қалай дамып жатыр?

Жетісу облысында бұқаралық спорт қалай дамып жатыр?
Фото: Видеодан кадр 23.12.2023 14:24 1113

Өткен жылдың соңында Жетісу облысы әкімінің қаулысымен Облыстық іс шараларды өткізу орталығы құрылған еді. Ондағы мақсат – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірдегі бұқаралық спортты дамыту.

Орталықтың сегіз аудан мен екі қалада филиалдары жұмыс істейді. Арнайы бекіттілген штаттық кестеге сәцкес орталықта 233 адам жұмыс істесе, оның 177 нұсқаушылар. Олар Жетісу өңірінің тұрғындарының денсаулықтарын жақсарту жолында игілікті істер атқаруда.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында орталық құрылғаннан бері, әртүрлі деңгейде 2078 шара ұйымдастырылған. Ал, оның 1 мың 667-сі осы жылы өткізілген. Ауылдық жерлердегі нұсқаушылар елді-мекендер тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Оның бәрі де қарапайым халық денсаулығын жақсарту мақсатында атқарылып жатыр.

Сондай-ақ, бұқаралық -спорттық іс шараларды өткізу орталығы жазғы, қысқы спартакиадалар өткізуді де дәстүрге айналдырып келеді. Жаз айларында "Алакөл-23" спарткиадасы өткізіліп, оған тек қана жергілікті тұрғындар емес, еліміздің әр жерінен келген демалушылардың да қатысуы қуантады. Жылды табысты аяқтаған облыстық бұқаралық-спорттық іс шараларды өткізу орталығының келесі жылға істері де ауқымды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға