Мұздақ-мұздық көлдер мен қар көшкіні қаупі бар учаскелердің жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында Жетісу-Алатау тау жотасына аэровизуалды тексерулер жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда таулы жерлерде қар жамылғысының қалыңдығы 70-тен 150 см-ге дейін. Қар көшкінінің өздігінен түсуі анықталған жоқ. Гидрологиялық жағдайлар тұрақты, мұздақ көлдер қысқы режимде, таулы аймақтарда көшкін қаупі сақталады.
Жалпы облыс бойынша көшкін қаупі бар 61 учаске және 416 мұздақ көл бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға