«Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан Жуасбаев
Фото: ©El.kz/Бауыржан Жуасбаев
16.08.2024 09:46
705
Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Дәулет Иманқұловқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтауда жылжымалы зообақ иесі жауапқа тартылды