Жаңалықтар

Жетісайдағы өрттен қанша кәсіпкер зардап шеккені айтылды

Қазігі таңда оқиға себептерін анықтау және өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр.
Жетісайдағы өрттен қанша кәсіпкер зардап шеккені айтылды
26.08.2022 23:31 1038

Жетісай базарында болған өрт кезінде 450–ге жуық кәсіпкердің заттары толығымен жанып кеткен, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кәсіпкерлердің жанған мүліктерінің шығыны саналып жатыр. 1 жылға дейін базарда салық жиналмайды. Кәсіпкерлердің несиесі шегеріледі. 15-20 күнде базар өз қалпына келеді - дейді Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев.

Қазігі таңда оқиға себептерін анықтау және өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр.

Адам шығыны жоқ. Заттарын алмақ болған екі адам аяқтарын тіліп алған. Оларға алғашқы медицияналық көмек көрсетілді. Өрттің себебі мен көлемі арнайы комиссияның жұмысы барысында анықталады - дейді Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Бақытжан Запаров.

Айта кетейік, бүгін түнде Жетісайдағы «Күлпаршын» базарынан өрт шығып, базардағы сауда қатарларының тығыз орналасқан жері, маталар мен киім кешектер, тұрмысқа қажетті заттар сататын аумағы отқа оранған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға