Жаңалықтар

Жеті облыста жол жабылды

11 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелген
Жеті облыста жол жабылды
Фото: baribar.kz 23.02.2023 01:34 693

22 ақпан күнгі сағат 22:45-тегі жағдай бойынша 7 облыста жол жабылды, деп хабарлайды El.kz QazAvtoJol компаниясына сілтеме жасап.

Күн райының бұзылып, бұрқасын соғып, қар көшкіні жүруі мен су басу қаупіне байланысты 11 учаскеде 3 көлік қозғалысы шектеу қойылған.  

Ақтөбе облысында 2 учаске:

- «Самара-Шымкент» тасжолының 526-702 шақырымы, яғни Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі бөлікте жүк және қоғамдық көлік қозғалысы шектелді;
- «Самара-Шымкент» тасжолының 526-702 шақырымы, яғни БҚО шекарасы мен Маржанбұлақ ауылы арасында жүк және қоғамдық көлік қозғалысы шектелді.


Алматы облысында 1 учаске:
«Екатеринбург-Алматы» тасжолының 2214-2436 шақырымы, яғни Жамбыл облысының шекарасы мен Междуречинск ауылының арасында көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді.


Шығыс Қазақстан облысында 1 учаске (қар көшкіні жүру қаупіне байланысты):
- «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатынқарағай-Рахман бұлағы» тасжолының 6-166 шақыры аралығы, яғни Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейінгі аралықта көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді.


Жамбыл облысында 1 учаске:
- «Екатеринбург-Алматы» автожолының 2152-2214 шақырымы, яғни Бурылбайтал ауылы мен Ақсүйек ауылының аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді.


Батыс Қазақстан облысында 1 учаске:

- «Самара-Шымкент» автожолының 394-526 шақырымы, яғни Жымпиты елдімекені мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығында жүк және қоғамдық көлік қозғалысы шектелді.

Қарағанды облысында 4 учаске:

- «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1610-1854 шақырымы, яғни Ақсу-Аюлы елдімекені мен Балқаш қаласының арасында көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді.

- «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырым, яғни Жұмабек ауылынан Ақсу-Аюлыға дейін көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді.

- «Кызылорда-Павлодар» автожолының 788-906 шақырымы, яғни Топар қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі аралықта жүк және қоғамдық көлік қозғалысы шектелді.

- «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының 65-217 шақырымы, яғни Ботақара елдімекені мен Қарқаралы қаласы аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді.

Ұлытау облысында 1 учаске:
- «Қызылорда-Павлодар» автожолының 756-788 шақырымы, яғни Атасу ауылынан Қарағанды облысының шекарасы аралығында жүк және қоғамдық көлік қозғалысы шектелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға