Жаңалықтар

Жеті миллион теңге жымқырған бас бухгалтерге қатысты сот үкімі шықты

Жеті миллион теңге жымқырған бас бухгалтерге қатысты сот үкімі шықты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 17.07.2023 17:45 852

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының прокуратурасы «Құлан-Энерго Жылу» ШЖҚ КМК бас бухгалтерінің 7 миллион теңге жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аудан прокуратурасы «Құлан-Энерго Жылу» ШЖҚ КМК қызметіне бюджет қаражатын жұмсау мәселесіне талдау жүргізді.

Бас прокуратураның мәліметінше, талдау барысында кәсіпорынның бас бухгалтері төлем тапсырмаларымен КМК-ның бюджет қаражатын өзінің шотына аударғаны анықталды. Бұл ретте, өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында төлем тапсырмаларының бағанына тауарлар, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтер үшін төлемдер ретінде төлемнің мақсатын көрсеткен.

Осы факті бойынша аудан прокуратурасы ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін тапсырылды. Тергеу аяқталғаннан кейін, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Аудандық соттың 23.06.2023 жылғы үкімімен кәсіпорынның бас бухгалтері қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ коммерциялық және өзге де ұйымдарда 3 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға