Жаңалықтар

«Жеті атамды білгім келеді». Тағы бір жетім бала туған анасын іздеп, көмек сұрады

«Жеті атамды білгім келеді». Тағы бір жетім бала туған анасын іздеп, көмек сұрады
Фото: Видеодан кадр 15.02.2024 17:21 1693

«Бармысың, бауырым?» хабарына туған анасын іздеп табу үшін Берік Кубанычбекулы Байгелдиев көмек сұрап, жүгінген.  Берікті туған анасы 2 айлығында сәбилер үйіне өткізген. Кейіпкер оның себебін, анасының материалдық жағдайының төмен болуымен түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Берік 2011 жылға дейін балалар үйінде өседі. Сол жылы 10 наурызда оны қазақстандық отбасы асырап алған. Хабар барысында өгей ата-анасы өзіне қатал қарағанын, денсаулық жағдайы нашар екенін білсе де жұмысқа жеккенін айтты.

Қымбат Досжанның мәліметінше, 1996 жылы 6 маусымда Алматы облысында дүниеге келген. Анасының аты-жөні Ерқосаева Айжамал Ерқосайқызы, шамамен 1979-1980 жылдары туған. 6 жасқа дейін анасы Айжамал балалар үйіне келіп тұрған. Әр келген сайын тәттілері мен ойыншықтарын алып келетін болған. Соңғы рет 6 жасында келіп, "Шыдай тұр, алып кетемін", - деп айтып кеткен.

Балалар үйіне мені 6 жасымды ауыстырды. Сол кезде келіп, "Сені жақында алып кетемін, шыдай тұр", - деп еді. Алайда, одан кейін келмеді. Туған анамды тапқым келеді. Ол отбасын құрған жағдайда, мен оларға тиіспеймін. Мен өзімнің жеті атамды, жүзімді білгім келеді, - дейді Берік.

Берік өзін асырап алған отбасы жұмысқа салғанын жасырмай айтып берді.

Мені 2011 жылы Астана қаласының адамдары асырап алған. 12-13 жасымда сол кісілердің қолына өттім. Балалар үйіне ата-аналар келген сайын "Бізді де алып кетеді", - деп қуанатынбыз. Бірақ, арманым ұзаққа созылмады. Олар ақырындап мені ауыр жұмысқа сала бастады. 8-сынып оқитын кезімде шыдай алмай, балалар үйіне қайтқым келетінін айтып, хат жазған едім. Олар менің хатымды оқып, ұрып-соқты, - дейді Берік.

Осылайша Берік анасымен қауышсам деген арманын айтып, тегімді білсем деп тілегін жеткізді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝑸 𝑨 𝒁 𝑨 𝑸 𝑹 𝑨 𝑫 𝑰 𝑶 𝑺 𝒀 (@qazradio.fm)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға