azh.kz

Жеті қалада ауа сапасы нашарлайды

03.10.2022 10:30

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz.

3 қазанда Астана, Алматы, Петропавл, Көкшетау Риддер (2 дәрежелі), Өскемен (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.