Жаңалықтар

Жерлесіміз жеңіл атлетикадан Гран-приде жеңіске жетті

Жерлесіміз жеңіл атлетикадан Гран-приде жеңіске жетті
Фото: csp-parasport.kz 28.02.2023 16:32 896

Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясында қазақстандық Руфат Хабибуллин F-64 классында найза лақтырудан 41,83 м қашықтықты көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Екінші орындағы Камерун спортшысы 40,93 м нәтижесін көрсетсе, үшінші орын 32,71 м көрсеткішімен Маврикий спортшысына бұйырды.

Айта кетсек, пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясы Дубай қаласында өтуде. Жарысқа әлемнің 61 мемлекетінен 545 спортшы қатысуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға