Жаңалықтар

Жергілікті сорттарды өсіруге ерекше көңіл бөлу керек - премьер-министр

Жергілікті сорттарды өсіруге ерекше көңіл бөлу керек - премьер-министр
Фото: t.me/KZgovernment 07.11.2023 11:30 760

Еліміздің құбылмалы климатына бейімделген жергілікті сорттарды өсіруге ерекше көңіл бөлу керек. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырыснда мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, өсімдік шаруашылығында кейбір маңызды мәселелер әлі күнге дейін шешімін таппай отыр.

Бидайдың жаңа сорттарын өсіру жұмыстары нашар жүріп жатыр. Аграрлық ғылыми жүйені түбегейлі қайта қарау қажет, - деді ол.

Сондай-ақ ол ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңарту мәселесі де өзекті екенін атап өтті. Әбден тозығы жеткен техника егіс жұмыстарының сапасына әсер етіп жатқанын мәлімдеді.

Осыған байланысты премьер ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдіктеріне «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша қосымша ынталандыру шараларын әзірлеуді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға